Kcell және Activ қолданушылары уақытша байланыссыз қалды

731
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/2Imn65oJeZtrzJbgzdxjAZrqt2xTMpdkmYU5T2Mr.webp

Қазақстандық абоненттер Kcell және Activ операторларының қызметінде ақаулар болғанын хабарлады. Компания өкілдері мәселенің барын растады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Пайдаланушылар ұялы байланыс пен интернет қызметтеріндегі уақытша кідірістерге және дұрыс жұмыс істемеуіне шағымданған.

«Жауапты қызметкерлер мәселені шешу үшін жұмыс істеп жатыр. Тудырған қолайсыздықтар үшін шын жүректен кешірім сұраймыз», – делінген компанияның ресми хабарламасында.

Айта кетейік, мұндай жағдай бұған дейін де тіркелген болатын. Шілде айының соңында абоненттердің шамамен 20 пайызы байланыс қызметіндегі ақауларға тап болған еді.

댓글
기타 기사