Қытайдағы халықаралық турнирде қазақстандық боксшылар топ жарды

1575
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/oAZ4S9pqZk2PhJPMrurdTUFyi4glhVrfTLiWLJs8.webp

Қытайда өткен «Belt and Road» халықаралық турнирінде қазақстандық боксшылар командалық есепте бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы.

Әйелдер құрамасынан Жайна Шекербекова (54 кг), Римма Волосенко (60 кг), Валентина Хальзова (75 кг), Ләззат Кунгейбаева (+81 кг) алтын медальға қол жеткізді.

Ал спортшы Сәния Сұлтан (54 кг) күміс жүлдегер атанса, Зере Махабай (57 кг), Мәдина Нұршаева (66 кг), Дариға Шәкімова (66 кг) қола медаль еншіледі.

Жастар құрамасынан Арнұр Рүстем (65 кг), Хамза Мақсатұлы (70 кг), Руслан Ахметов (90 кг), Владислав Саможонов (+90 кг) алтыннан алқа тақты. Бейбарыс Тәжібек (70 кг), Санжар Сейткамит (90 кг) күміс жүлдеге ие болды. Зуфар Сайтфудинов (50 кг), Айдос Үсенов (55 кг), Қажымұқан Күмісбек қола медаль алды.

댓글
기타 기사