Төртінші рет. Киевтегі Bayraktar зауытына шабуыл жасалды

1999
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/FRo0ZiqMuAkLj8xCC9p4Uv7eNpxHKGX75gUqIEpQ.jpg

28 тамызға қараған түні Киевтегі Bayraktar зауытына зымыран соққысы жасалды. Бұл туралы Львов қалалық кеңесінің 8-ші шақырылым депутаты Игорь Зинкевич айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол зауыттың өндірістік қуаттарына айтарлықтай зақым келтірген екі соққы тіркелгенін мәлімдеді.

«Соғыс пен бұған дейінгі шабуылдарға қарамастан, компания ондаған миллион жеке қаражатын инвестициялап, қызметкерлерді арнайы оқытқан еді. Кәсіпорын іске қосылуға дайындалып жатқан»,–деді Зинкевич.

Сондай-ақ ол соңғы алты айда бұл кәсіпорынға төртінші рет шабуыл жасалғанын атап өтті.

Бұған дейін Ресей СІМ бірнеше рет Украина аумағындағы кез келген әскери зауытың Ресей қарулы күштерінің заңды нысанасына айналатынын атап өткен болатын.

Еске сала кетейік, Украинада Bayraktar дрондарын шығаратын зауыт салу жоспары 2022 жылы жарияланған болатын. Кәсіпорынның құрылысы 2024 жылдың жазында басталды, ал зауытты іске қосу 2025 жылға жоспарланған еді.

 

댓글
기타 기사