Халықаралық Алматы әуежайының терминалында ер адам өз-өзіне от қойды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Полиция департаментінің мәліметінше оқыс жағдай бүгін, 25 тамыз күні сағат 22:06 шамасында болған.
«Алматы әуежайының «Т-1» терминалында ер адам касса маңында өзін өртемек болды. Полиция қызметкерлері мен әуежайдың қауіпсіздік қызметі дереу әрекет етіп, өртті сөндіріп, жедел жәрдем шақырды»,—деді ПД баспасөз қызметі.
Жарақат алған ер адам ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.