Жаңаөзенде үш көлік соқтығысып, біреуі бірнеше рет аударылды

993
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/6mQlbT3ZOMYPDRsDR3tfxBth1uBhuaL3d620AzPU.jpg

Жаңаөзенде бірнеше көліктің қатысуымен жол апаты болды. Lexus-пен соқтығысқан Toyota бірнеше рет аударылып кетті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Lada.kz сайтына сілтеп.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 22 тамыз күні сағат 10:37-де қалада ең көп көлік жүретін қиылыстардың бірінде болған.

“Lexus жол талғамайтын көлігі Toyota Hilux пикапымен соқтығысқан. Соққының күші соншалық, Toyota бірнеше рет аударылып, қиылыстағы ПАЗ автобусын соққан”, деп жазды Lada.kz.

Бұл оқиға бейнебақылау камерасына түсіп, әлеуметтік желілерде дереу тарап кетті.

Полицияның дерегінше, қаза тапқандар жоқ. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау және қатысушылардың кінә дәрежесін белгілеу бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

댓글
기타 기사