Пакштағы жоба Балқаштан арзандау. Ресей Венгрияда АЭС салуды күзде бастайды

1331
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/TejP6NKwdQhnNiL5yrceKQfcsmhacqCPmggQHF8s.jpg

Венгриядағы "Пакш-2" АЭС-інің құрылысы "Росатом" жоспарлары бойынша қараша айында басталуы мүмкін. Бұл туралы журналистерге мемлекеттік корпорация басшысы Алексей Лихачев мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.

"Бірінші бетонды қарашада құюды көздеп отырмыз", – деді ол.

Венгрия парламенті 2009 жылы елдегі жалғыз жұмыс істеп тұрған, кеңестік жоба бойынша салынған "Пакш" АЭС-ін екі жаңа энергоблокпен кеңейту жоспарын мақұлдаған болатын. Жобаның құны 12,5 миллиард еуро деп бағаланған. 2014 жылы Мәскеу мен Будапешт станция құрылысына 10 миллиард еуроға дейінгі ұзақмерзімді несие беру жөнінде келісімге қол қойған.

2022 жылғы тамыз айының соңында Венгрияның Атом энергетикасы басқармасы "Росатомға" АЭС-тің V және VI энергоблоктарын салуға рұқсат берді. Ал 2023 жылғы мамырда Еуропалық комиссия нысан құрылысы мен қаржыландыру туралы келісімдерге енгізілген өзгерістерді мақұлдады. Бұған дейін бірінші бетонды құю 2024 жылға жоспарланған еді.

Айта кетейік, Ресейдің «Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачевтің мәлімдеуінше, Қазақстанда алғашқы атом электр станциясын (АЭС) салу үшін кем дегенде 14 миллиард доллар қажет.

댓글
기타 기사