Израильде мыңдаған адам наразылық акциясына шықты

1386
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/UekSnZw6mZazj5zc7zN6mlw8i9mTnDh5X5Pjrfgx.jpg

Израильде мыңдаған адам бүкілұлттық наразылық акциясына шықты. Олар Газадағы тұтқындарды босату туралы келісімге қол қоюды талап етіп отыр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі The Times of Israel газетіне сілтеме жасап.

Акцияға қатысушылар «Тұтқындар алаңы» мен оның маңындағы көшелерде жиналған. Бастапқыда алаңға шамамен 150 мың адам шыққан. Оларға тағы шамамен 70 мың адам қосылып, тұтқындардың отбасыларының мүшелерімен бірге Савидор Мерказ теміржол вокзалынан акция өтетін жерге дейін шеру өткізген. The Times of Israel мәліметінше, олардың арасында танымал израиль актрисасы Галь Гадот та болған.

Айта кетейік, Тел-Авивте негізгі жолдар бөгеліп, пойыз қозғалысы бұзылған.

댓글
기타 기사