Трамп Зеленскийге Ресеймен келісімге келуді ұсынды

2829
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/dayydJAkmcD9hz1eOoHSiGEPTaCOitElmUS16w7G.webp

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен өткен кездесуден кейін Украина басшысы Владимир Зеленскийге Мәскеумен қақтығысты реттеу үшін келісімге келуді ұсынды. Бұл туралы ол Fox News телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Айтарлықтай көп нәрсе келісілді, бірақ өздеріңіз білетіндей,бір-екі едәуір маңызды тармақ қалып кетті. Бірақ, менің ойымша, оларды қазір шешуге болады, барлығы Украина президенті Зеленскийге байланысты. Сондай-ақ мен еуропалық елдер де сәл көбірек атсалысуы тиіс дер едім. Алайда барлығы Зеленскийге байланысты екенін қайталаймын. Келісімге келіңіздер. Ресей —  Украинаға қарағанда өте үлкен мемлекет»,— деді Трамп.

Еске салайық, бұған дейін Аляскада өткен кездесудің аяқталғанын жазған едік.

 

 

 

 

댓글
기타 기사