Алматы маңындағы тауда қыз жардан құлап кеткен

850
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/T6AzD55CVGpqlNryeJ8duJryit1HePfZnk3LbSC7.jpg

Алматы маңындағы тауда қыз жардан құлап кеткен. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.

Ақпаратқа сәйкес, оқиға Іле Алатауының Проходное шатқалында болған. 2000 жылы туған қыз тауда серуендеп жүрген кезде жардан құлап кеткен. Биіктіктің үлкен болуына байланысты ол өз бетімен жоғары көтеріле алмаған.

«Құтқарушылар келген кезде зардап шеккен қыз шок алған. Құтқарушылар оған қажетті көмек көрсетіп, қол жетуі қиын жерден эвакуациялады», – деді ведомство.

Қызға медициналық көмек қажет болмаған, ол бақылау-құтқару пунктіне жеткізілді.

댓글
기타 기사