Жасын Біркенов Президент баспасөз хатшысының орынбасары болып тағайындалды

958
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/WkYutdiw2xw4eAGwOn731eL1ZEtjrfcYzaQJ4lid.jpg

Жасын Біркенов Президент баспасөз хатшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бұл қызметке дейін ол «Хабар 24» телеарнасының директоры,  «Атырау-Ақпарат» ЖШС-нің директоры қызметтерін атқарған.

Жасын Біркенов 1989 жылы 30 сәуірде туған. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Журналистика» мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2006 жылы бастап, әр жылдары МТРК (Петропавл), «Қазақстан-Петропавл», «Қазақстан» және «7 канал» телеарналарында жұмыс істеген. Сондай-ақ әр жылдары «Хабар 24» телеарнасының Украина мен Өзбекстан елдеріндегі меншікті тілшісі, «Сұхбат», «Өзекті», «Тексердік», «Баспасөзге шолу», «Әкім» бағдарламаларының авторы және жүргізушісі, жаңалықтар бөлімінің бас редакторы және телеарнаның шеф-редакторы болған.

 

댓글
기타 기사