Мадонна Рим папасын Газаға баруға шақырды

3781
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/8K29EkURKEIts5lrKt9P4dQoleyVICLkgLZx5vsz.webp

Әйгілі америкалық әнші Мадонна әлем назарын Газа секторындағы балалардың гуманитарлық дағдарысына аударып, Рим папасы Лев XIV-ті сол аймаққа баруға шақырды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Саясат жағдайды өзгерте алмайды, өзгеріс тек сана арқылы ғана келеді», — деп жазды Мадонна өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Өнер иесі Рим папасының Газада болуына ешкім кедергі бола алмайтынын атап өтті.

«Қасиетті Папа, Газаға аттанып, кеш болмай тұрғанда балаларға жарық сыйлауыңызды өтінемін. Ана ретінде олардың азап шегіп жатқанын көріп шыдай алмаймын. Дүниедегі балалардың бәрі де бізге ортақ. Ал сіз — анклавқа кіргізілуден бас тартылмайтын жалғыз адамсыз»,—деді ол.

Ватикан әзірге Мадоннаның үндеуіне жауап бермеді.

Еске салайық, бұған дейін Ұлыбритания, ЕО, Австралия, Канада және Жапония бірлескен мәлімдеме жасап, Газаға гуманитарлық көмекті жеткізуді жеңілдету үшін дереу шаралар қабылдауды талап еткен болатын.

Сарапшылардың айтуынша, соңғы айда аштықтан көз жұмғандардың саны күрт артқан. Дәрігерлер егер жағдай өзгермесе, бұл көрсеткіш одан әрі өсуі мүмкін екенін ескертетті.

댓글
기타 기사