Путин мен Трамп кездесуі. Аляскада саммит өтеді

2054
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/X7vcRSn1XM4fShLCmnZWO1nx6Dk9jN9ot8GJUJJ9.jpg

Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамп Аляскада келіссөздер өткізеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаковтың айтуынша, көршілес мемлекеттер болғандықтан саммитті Аляскада өткізу қисынды шешім болған. Оның сөзінше, бұл өңірде Ресей мен АҚШ-тың экономикалық мүдделері тоғысады және ауқымды, өзара тиімді жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігі бар.

Кездесу барысында тараптар ең алдымен Украинадағы дағдарысты бейбіт жолмен реттеу жолдарын талқылайды. Сондай-ақ, келесі саммитті Ресей аумағында өткізу жөнінде ұсыныс берілген.

Алдағы күндері Мәскеу мен Вашингтон Аляскадағы жоғары деңгейдегі кездесудің саяси және практикалық параметрлерін егжей-тегжейлі пысықтамақ.

댓글
기타 기사