Атырауда зейнеткер балалары мен немересінен алимент өндіріп алған

831
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/UxRj6IbaPUCwpx9uOli6GuE55bVF35cmni5frMqZ.jpg

Атырау қаласында 80 жастағы зейнеткер сегіз баласы мен бір немересіне қатысты сотқа шағым түсіріп, өзін күтіп-бағуға алимент өндіруді талап етті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Зейнеткердің айтуынша, ол соңғы он жылдан астам уақыт бойы жалғыз тұрып келеді. Туыстарының ішінде тек бір ұлы ғана анда-санда хабарласады. Қалған балалары мен немересі қарт анаға ешқандай материалдық немесе моральдық қолдау көрсетпейді. Денсаулығының нашарлауына және қаржылық қиындықтарға байланысты ол отбасының көмегіне мұқтаж екенін жеткізді.

Сот отырысында тараптардың әлеуметтік және материалдық жағдайына баға беріліп, талап ішінара қанағаттандырылды. Атырау қалалық соты зейнеткердің азық-түлік пен дәрі-дәрмек шығындары үшін оның сегіз баласы мен бір немересінен ай сайын 3 АЕК (11 796 теңге) көлемінде алимент өндіру туралы шешім шығарды.

«Қазақстан заңнамасына сәйкес, кәмелетке толған және еңбекке қабілетті азаматтар көмекке мұқтаж мүгедек ата-анасын асырап, оларға қамқорлық жасауға міндетті. Сонымен қатар, олардан алимент өндіріп алу сот тәртібімен жүзеге аса алады», – деп түсіндірді сот.

Айта кетейік, бұл шешім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

댓글
기타 기사