Алматыда пойыз ер адамды қағып кетті

926
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/fflBCIwivV5af1FT3hyrv2pCXcVYdzohlpgsjtV7.jpg

Алматыда 6 тамыз күні кешкі уақытта ер адамды пойыз қағып кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оқиға сағат 19:52 шамасында Қарабұлақ пен Тентек теміржол бекеттерінің арасындағы аумақта тіркелген. Пойыз жолына аяқ астынан шығып қалған адамды машинист байқап, бірден шұғыл тежегіш қолданғанымен, арақашықтықтың тым жақын болуына байланысты соқтығысудың алдын алу мүмкін болмаған.

Қайғылы оқиғаның салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмды.

Қазақстан темір жолы (ҚТЖ) өкілдері бұл жағдайға байланысты пікір білдіріп, теміржолды арнайы белгіленбеген жерден кесіп өтудің аса қауіпті екенін ескертті.

"Теміржолды рұқсат етілмеген жерден өту – қайғылы жағдайға әкеп соғуы мүмкін. Азаматтарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз", — делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, маусым айында Қарағанды облысында да осыған ұқсас оқиға болған. Теміржол бойында ойнап жүрген екі жасар баланы пойыз басып кеткен еді.

Мамандар теміржол маңындағы қауіпсіздік шараларына салғырт қарамауға шақырып отыр.

댓글
기타 기사