Румынияның бұрынғы президенті 95 жасында өмірден өтті

2032
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/09EClyW6Kzr8R36pl4lwYRS4DXvpZWlhC89WwkC4.jpg

Румынияның бұрынғы президенті Ион Илиеску 95 жасқа қараған шағында дүниеден өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

 Бұл туралы сейсенбі күні Румыния үкіметі ресми түрде мәлімдеді.

Ресми мәліметке сәйкес, Илиеску 2025 жылдың маусым айының басынан бері Бухарест қаласындағы ауруханалардың бірінде ем қабылдап жатқан. Кейін оған өкпе обыры (өкпенің қатерлі ісігі) диагнозы қойылған. Соңғы күндері оның жағдайы күрт нашарлаған.

Ион Илиеску Румыния тарихындағы маңызды саяси тұлғалардың бірі саналады. Ол елді екі мәрте басқарған: алғаш рет 1990–1996 жылдары, екінші рет 2000–2004 жылдар аралығында президенттік қызмет атқарған.

Румыния үкіметі бұрынғы президенттің қайтыс болуына байланысты терең қайғырып, оның отбасына және жақындарына көңіл айтты.

댓글
기타 기사