3 тамыз күні Алматыға Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш іс сапармен келеді. Бас хатшыны президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі шақырған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Алматы қаласында мемлекет басшысы мен Антониу Гутерриш келіссөз жүргізеді. Сонымен қатар БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын аралап көреді.