Алматы тауларында 20 жастағы жігіт жоғалып кетті

2062
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/gLIQo9vgxBylw9MVp2eer8bwLP1Fhd1iqtfGDNuB.webp

Алматы тауларында 20 жастағы жігіт жоғалып кетті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қалалық ТЖД мәліметінше, Алан есімді жігіт 27 шілде күні таңертең тауға шыққан жігіт Медеу ауданында жоғалып кеткен. Сағат 23:02-де іздестіру-құтқару жұмыстары басталған. Бұл уақытта тауда жаңбыр мен бұршақ жауып, 4000 метр биіктікте қар түскені хабарланды.

Іздеу жұмыстары «Жастар» шыңы маңында басталған.

«Операцияға "Медеу" құтқару бекетінен Республикалық жедел-құтқару жасағының мамандары және "Тұйық-Су" бақылау-құтқару пунктінің құтқарушылары жұмылдырылды. "Жастар", Титова және Т1 шыңдары тексерілген, алайда жігіт табылмады»,– делінген хабарламада.

Қазіргі таңда Мыңжылқы шатқалында жедел штаб құрылған. Іздеу жұмыстары дрон және иісшіл иттер арқылы жүріп жатыр.

댓글
기타 기사