Әуежайдағы дөрекілігі үшін. Әнші Жұбаныш Жексенұлына айыппұл салынды

2101
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/pg7y9AcKdGoVAzc3Iv6YVATcIsTJlA1FWqpokjrm.webp

Бүгін, 25 шілдеде ашық сотта танымал әнші Жұбаныш Жексенұлына қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Сотта 21 шілде күні Астана әуежайында болған келеңсіз оқиға бойынша іс қаралды.

Жәбірленуші Зәуре Садыкбекованың сөзінше, сол күні ол екі құрбысымен бірге Алматыға ұшу керек болған. 

"Үшеуміз әңгімелесіп тұрғанда жанымыздан осы кісі өтіп бара жатты. Мен сонда құрбыларыма қарап “Мынау әнші емес пе?” дедім. Сонда ол “Әнші емеспін, бишімін” деп былапыт сөздер айта жөнелді. Мен сонда телефоныма түсіруге рұқсат та сұрадым, бұл кісі келісті", – деді жәбірленуші.

Оның айтуынша, әншіден алкогольдік ішімдіктің иісі шығып тұрған. Әйел телефон алып түсіре бастағанда ер адам дөрекі сөздер айтуын доғарған. Алайда түсірілімді тоқтатқанда қайтадан былапыт сөздер айта бастаған. Сонда ол қайта түсірілім жасамақшы болғанда әнші оның қолынан ұрып, телефонын қағып жіберген. Осылай жалпы екі рет қайталанған. Әйелдің телефонына зақым келген.

Куәгерлердің сөзінше, танымал әнші жәбірленушінің құрбысының телефонына да ұмтылып, тартып алмақшы болған. Алайда ол ойы іске аспаған.

Сотта Жұбаныш Жексенұлы өз кінәсін толықтай мойындап, жәбірленушіден кешірім сұрады. Ол өзінің сол күні кішкене ішімдік ішкенін де растады.

Сот істі ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі бойынша қарап, әншіге 78640 теңге айыппұл салды.

댓글
기타 기사