Қостанайда дәрігерге шабуыл жасаған күдікті екі айға қамауға алынды

1060
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/UxRj6IbaPUCwpx9uOli6GuE55bVF35cmni5frMqZ.jpg

Қостанайда аурухана дәрігеріне шабуыл жасаған күдіктіге қатысты сот бұлтартпас шарасын қолданды. Күдікті 17 қыркүйекке дейін қамауда болады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"Наша газета" басылымының мәліметінше, дәрігерге шабуыл жасады деген күдікке ілінген азамат 34 жаста. Саренжепов Қостанай облысында дүниеге келген. Ал қазір Ақмола облысында тұрады. Ол бұған дейін бірнеше рет қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сот отырысында Саренжепов ата-анасының денсаулығы нашар екенін және өзінің кішкентай балалары барын айтты. Сондай-ақ, ол жеңіл жаза сұраған.

 Алайда тергеу судьясы Батырбек Құдабаев оның бұрын сотталғанын, бірнеше рет жауапкершілікке тартылғанын және жасырынып қалу қаупін ескере отырып, қамауға алу туралы өтінішті қанағаттандырды.

Айта кетейік, дәрігерге шабуыл оқиғасы қоғамда резонанс тудырды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

댓글
기타 기사