Қазақстандық оқушы шетелдік университеттен шақырту алды

1667
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/llHI1xv8xkxFxiSHIQLh7IKmjZzOg6tW78mc4X0o.png

Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) 10-сынып оқушысы Гонконгтың білім беру саласы мен жасанды интеллект бағытында жетекші орын алатын Гонконг білім университетінен (EdUHK) ресми шақырту алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Әдемі Ғабитқызы Гонконгқа жасаған сапары барысында университет басшылығымен және жасанды интеллект саласының танымал профессорларымен кездесті. 

Профессорлар Әдемінің терең біліміне, логикалық ойлау қабілетіне және зияткерлік дайындығына жоғары баға беріп, Қазақстандағы білім беру сапасына сүйсініс білдірді.

«Әдемінің арқасында Гонконгта қазақстандық оқушылардың дарыны мен РФММ мектебіндегі ерекше зияткерлік орта жайлы айтыла бастады. Біз оны шын жүректен құттықтаймыз және осы жетістікке жетуіне жол ашқан ұстаздары мен тәлімгерлеріне алғысымызды білдіреміз», – делінген мектеп таратқан хабарламада.

댓글
기타 기사