«Ақылынан адасты». Трамп Масктың жаңа партия құру идеясын сынға алды

1773
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/O3p6M7obczFUnAA5rOspmtxZyj6qvS5SP7muNvdc.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамп миллиардер Илон Масктың жаңа партия құру туралы бастамасын сынға алды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ақ үй басшысы үшінші партиялардың ешқашан жұмыс істемегенін айтты.

«Осы уақытқа дейін үшінші партиялар нәтиже көрсеткен емес. Масктың бұл шешімі — күлкілі нәрсе»,—деді ол журналистерге берген сұқбатында.

Кейінірек Трамп өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде Маск туралы пікір білдірді.

«Илон Маск ақылынан адасты. Ол тіпті жаңа саяси партия құрғысы келеді екен. АҚШ-та үшінші ірі партия құруға жасалған әрекеттер ешқашан сәтті болмаған. Бұл жүйе екі партияға арналған сияқты. Үшінші партиялар тек хаос тудыра алады. Бізде ақылынан айырылған радикалды солшыл демократтар онсыз да жетеді»,–деді президент.

Еске салайық, 4 шілдеде Илон Маск «Америка партиясы» деп аталатын жаңа саяси ұйым құрылатынын хабарлаған еді. Бұған дейін ол желідегі оқырмандары арасында сауалнама жүргізген. Олардың 65,4 пайызы жаңа партияның құрылуын қолдаған. Миллиардер бұл шешімді Трамптың салықты азайту және мемлекеттік шығындарды қысқарту туралы заң жобасына жауап ретінде қабылдағанын мәлімдеген болатын.

댓글
기타 기사