Қазақстан Әзербайжанға жеткізілетін астық көлемін ұлғайтты

1377
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/TFqfNK4s4XsKAtRkTcWDSUSs7rQSYdSeVOdbf279.webp

Қазақстан 10 ай ішінде Әзербайжанға 707 мың тонна астық экспорттады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 2024 жылғы қыркүйек пен 2025 жылғы маусым аралығында елімізден шетке жөнелтілген жаңа астық өнімінің көлемі 9 млн тоннаға жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 60%-ға көп.

Экспорттың негізгі бағыттары — дәстүрлі түрде Орталық Азия мен жақын шетел мемлекеттері:

Өзбекстан – 3,3 млн тонна (+32%),

Тәжікстан – 1,2 млн тонна (+45%),

Ауғанстан – 309 мың тонна (+46%),

Қырғызстан – 233 мың тонна (+94%),

Иран – 974 мың тонна (17,5 есе өсті),

Әзербайжан – 707 мың тонна (116 есе өсті).

Иран мен Әзербайжанға жеткізу көлемінің өсуі сауда-экономикалық байланыстардың кеңеюімен қатар, халықаралық көлік дәліздерінің дамуына байланысты болып отыр.

Айта кетейік, 2024 жылы Қазақстан 26 миллион тонна астық жинаған болатын. Ал осы жылғы өнім экспортының болжамы 12 миллион тонна деп бағалануда.

댓글
기타 기사