Ақтөбе облысында жоғалған ата мен немере суға батқан көліктің ішінен табылды

993
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2019/11/pol.jpg

Ақтөбе облысының Хромтау ауданында 65 жастағы ер адам мен оның кәмелетке толмаған немересі суға батқан көліктің ішінен өлі күйінде табылды. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Қайғылы оқиға 25 маусымда тіркелген. Сол күні Кудыксай ауылынан Toyota Hilux көлігімен шыққан ер адам мен немересі Бозжыр өңіріне бет алып, үйлеріне қайтып оралмаған.

Олардың жоғалғаны туралы хабар түскен соң, келесі күні құтқарушылар мен сүңгуірлердің қатысуымен ауқымды іздестіру жұмыстары басталған.

26 маусым күні сағат 19:30-да Орь өзенінің арнасын тексеру кезінде суға батқан көлік табылды. Жағадан 4 метр, 2,5 метр тереңдікте баланың денесі анықталып, кейін көлік пен ер адамның мәйіті де судан шығарылды, – делінген ТЖД хабарламасында.

Автокөліктің өзенге қалай түсіп кеткені әзірге белгісіз. Оқиғаның нақты мән-жайы анықталу үстінде

댓글
기타 기사