АҚШ Қытаймен жаңа сауда келісіміне қол қойды

1218
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/AD7if76iFkXqcHrCPG9yIvlUYgu0d5EIGy1T8HIB.jpg

АҚШ Қытаймен жаңа сауда келісіміне қол қойды. Бұл туралы Financial Times жазды, деп хабарлайды “Адырна”.

Ақпарптқа сәйкес, АҚШ жақын арада Үндістанмен де осындай келісімге келуге ниетті.

Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде бюджет пен салық саласындағы жоспарларына арналған шарада сөйлеген сөзінде айтты.

"Біз барлық елдермен келісім жасамаймыз. Кейбір елдерге жай ғана хат жолдап, олардың 25%, 35%, 45% төлейтінін ескертеміз", – деді АҚШ әкімшілігінің басшысы, бұл сөзінде АҚШ-тағы импорттық баж салығының мөлшерлемелерін меңзеп отыр.

2 сәуірде Трамп 185 ел мен аумақтың өнімдеріне кедендік баж салығын енгізетінін мәлімдеді. Жалпыға бірдей 10% мөлшеріндегі тарифтер 5 сәуірден бастап күшіне енді, ал жекелей тарифтер – 9 сәуірден.

Сол күні-ақ АҚШ президенті баж салығының бір бөлігін 90 күнге тоқтата тұру туралы шешім қабылдағанын хабарлады. Ақ үй бұл шешімді сауда келіссөздерінің өтуімен байланыстырды. Осы кезеңде 10% мөлшеріндегі жалпыға бірдей тариф қолданылады.

댓글
기타 기사