«Сионистік режим жаншылып қалды…» Бункердегі аятолла сыртқы әлемнен хабарсыз ба?

3543
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/O8opgtXoS6tRPdtuMFNyUuC32fImyEqXD4H28yvd.jpg

26 маусымда Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи ұзақ уақыттан кейін алғаш рет халыққа үндеу жасады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол БАҚ арқылы халықты Иран мен Израиль арасында болған 12 күндік соғыстағы жеңісімен құттықтады.

«Азғын сионистік режимге (Израильге — ред.) қарсы жеңісімізбен құттықтаймын. Сионистік құрылым жермен жексен болудың аз-ақ алдында тұр және Ислам Республикасының соққыларына төтеп бере алмай, жаншылып қалды»,—деді аятолла Әли Хаменеи.

Айта кетейік, Хаменеи мұндай сипаттағы үгіт-насихаттық мәлімдемелерді алғаш рет жасап отырған жоқ. Соңғы рет ол осындай пікірлерді бір жыл бұрын Израильге жасалған ауқымды зымырандық және дрондық шабуылдан кейін де айтқан болатын.

Бұған дейін Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеидің Израиль Ислам Республикасына қарсы операция бастағаннан бірнеше сағат өткен соң  жерасты бункеріне жасырынғанын жазған едік.

 

댓글
기타 기사