“Бейбіт жолмен шешу қажет”. СІМ Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты мәлімдеме жасады

1167
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ZIU3IbzkqgUnjRbpw2N5zzKWVgulUOsntnusVZxF.jpg

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі АҚШ пен Иран арасындағы әскери қақтығыстың ушығуына байланысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

«АҚШ-тың Иранға қарсы соңғы әскери әрекеттерінің салдарынан біздің өңірдегі мемлекеттердің қауіпсіздігіне қатер төндіретін халықаралық жағдайдың күрт нашарлағаны байқалуда. Қазақстан Каспий маңы елдерінің қатарына кіреді және Иранмен түрлі бағыттарда ынтымақтастық орнатқан. Осыған байланысты еліміз барлық келіспеушіліктерді, соның ішінде ядролық мәселелерді де, БҰҰ Жарғысы негізінде бейбіт келіссөздер арқылы шешу қажет деп санайды», – делінген СІМ таратқан хабарламада.

Министрлік сондай-ақ барлық мүдделі тараптарды ядролық қарудың таралуына жол бермеуге және таратпау режимін сақтау негізінде мемлекеттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жаңа келісім әзірлеуге шақырды.

Қазақстан бұған дейін де ядролық қарусыздану және бейбіт дипломатия жолын ұстанатынын халықаралық деңгейде бірнеше рет мәлімдеген.

댓글
기타 기사