Израиль Қарулы күштері (ЦАХАЛ) Иранның батысындағы Хорремабад қаласына шабуыл жасаған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Әуе соққысы кезінде ислам революциясы (КСИР) бөлімшесінің бірқатар мүшелерін, соның ішінде Бехнам Шахрияри көз жұмғанын хабарлады.
Израиль армиясының мәліметінше, Шахрияри Таяу Шығыс елдеріндегі қарулы топтарға қару жеткізуге және жыл сайын жүздеген миллион доллар аударуға жауапты болған.
Сонымен қатар, Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац Иранның Кум қаласындағы Палестина бөлімшесінің басшысы Саид Изадидің қаза тапқанын растады. Оның айтуынша, Изади ХАМАС ұйымын қаруландырып, қаржыландырған.
«Бұл — Израиль барлауы мен әскери-әуе күштерінің аса ірі жетістігі», – деді Кац.