Еліміздің барлық аймағы екі жылда ғаламтормен қамтылады — министрлік

952
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/1uowMiS3MkxT8icUv3sCOOaY2zgp9ocLiJqMK53A.jpg

Қазақстандағы барлық ауылдық елді мекен 2027 жылға дейін ғаламтормен қамтылатын болады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары Досжан Мұсалиев мәлімдеген. 

БАҚ-та тараған дерекке сәйкес, елімізде 6 мыңнан астам ауыл бар. Оның 4850-і кең жолақты интернетке қосылған. Алайда 1049 ауыл әлі де байланыс аясынан тыс қалып отыр. Бұл елді мекендерде 200 мыңға жуық халық тұрады.

Аталған мәселені шешу үшін «Қолжетімді интернет» жобасы әзірленген. Жоба аясында 3G байланысы бар, бірақ интернет жылдамдығы төмен ауылдар да ескеріліп отыр. 

Сонымен қатар, жол бойындағы мобильді байланысты жақсарту мақсатында кемінде 387 байланыс бағанасы орнату жоспарланған.

«Бұл бағытқа шамамен 120 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылады», – деді вице-министр Досжан Мұсалиев.

댓글
기타 기사