Сенат рақымшылық жасау туралы заңды мақұлдады

1086
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ImXqsOjO4wSyAogWespcU7Zufxw7zmIhqKA5JuKS.jpg

Бүгін, 19 маусымда Сенат отырысында «ҚР Конституциясының 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң мақұлданды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қабылданған құжатта азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне айтарлықтай қауіп төндірмейтін қылмыстар бойынша сотталғандарды жазадан босату көзделген. Олардың қатарында қылмыстық құқық бұзушылық немесе онша ауыр емес қылмыс жасағандар, орташа ауырлықтағы қылмысты залалсыз жасаған немесе оның орнын толық өтегендер және әлеуметтік осал топтағы адамдар бар. 

Алдын ала болжам бойынша, 15 мыңнан астам адамға рақымшылық жасалады. Олардың 4100-і қылмыстық жауапкершіліктен және жазадан толық босатылады. Ал 11 000 адамға негізгі жаза мерзімі мен көлемі қысқартылады.

Айта кетейік, ауыр қылмыстарға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық істеріне, терроризм мен экстремизмге қатысты қылмыстарға рақымшылық жасалмайды.

Тәуелсіз Қазақстан тарихында 9 рақымшылық болған. Соңғы рет ірі рақымшылық 2021 жылы жасалған.

댓글
기타 기사