Қазақстандық спортшы әлем чемпионатында жүлделі болды

1252
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Pe2NjcXUbnpK3Ew0coVlBPEUoo1TMhg5I4DB0eow.webp

Венгрияның астанасында өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында Әбиба Әбужақынова күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Әлем дзюдошылары бас қосқан байрақты бәсекеде қазақстандық спортшы Әбиба Әбужақынова финалға дейін сүрінбей жетті. Ақтық сында италиялық Асунта Скуттомен татамиге шығып, қарсыласына есе жіберді.

Айта кетейік, Әбиба Әбужақынова — әлем чемпионатының финалына шыққан алғашқы қазақ қызы.

Ол бұған дейін бұл жарыста екі мәрте қола медаль иеленген еді.

댓글
기타 기사