Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының ұшу-қону алаңын жөндеуге 2,77 млрд теңге жұмсалмақ. Бұл туралы мемлекеттік сатып алу сайтына Астана қаласының басқармасы лот жариялады, деп хабарлайды “Адырна”.
Ақпаратқа сәйкес, байқауға қатысқысы келетін компаниялар лот құнының 1%-ын өтізуі тиіс. Қызмет түрі ретінде әуежайдың ұшу-қоны алаңын жөндеу деп көрсетілген.
Халықаралық әуежайдың 100% акциясына Terminals Astana Airport Management компаниясы ие. Ол БАӘ-дегі Terminals Holding құрамына кіреді. Компания тағы бір ашу-қону алаңы мен жаңа жолаушы терминалын салуды жоспарлап тұр. Бұл туралы жыл басында астана әуежайы хабарлаған.
2024 жылы халықаралық әуежай 8,3 млн жолаушыға қызмет көрсетті. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 11%-ға артық.