Елорда «сары» аймақта: Бас санитардың жаңа қаулысы шықты

5287
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/07/1658375917_22.jpeg
Елорданың "сары" аймаққа өтуіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласы бас санитар дәрігері Сархат Бейсенованың қаулысы шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  Қаулыға сәйкес қалада мына шараларды сақтау ұсынылады:
  • адамдар көп жиналатын орындарға (автовокзалдар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, жабық базарлар, концерт залдары, театрлар, кинотеатрлар, халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), банктер, стадиондар және басқа да спорттық құрылымдары және т. б.), ұйымдасқан ұжымдарға барған кезде, сондай-ақ қалалық қоғамдық көлікте жол жүрген кезде бетперде кию, 5 жасқа дейінгі балаларды және тамақтану кезін қоспағанда;
  • қатысушылар саны 10 адамнан асатын кеңестер (отырыстар) өткізуді қашықтықтан өткізу түріне көшіру.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасы, мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар, кәсіпорындардың, ұйымдардың басшылары, кәсіпкерлік субъектілері қамтамасыз етсін:
  •  қоғамдық орындарда бетперде кию жөніндегі ұсынымдарды сақтауды және қолды өңдеуге антисептиктерді қолдануды;
  • жүкті әйелдерді, COVID-19 вакцинациясына абсолютті қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерді және COVID-19 науқаспен байланыста болған адамдарды (дистанциялық форматта міндеттерін орындау мүмкін емес қызметкерлерді қоспағанда) қашықтықтан жұмыс істеу форматына көшуді;
  • тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияға қарсы уақтылы вакцинация және ревакцинация бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
  • білім беру ұйымдарында топтар мен сыныптарды біріктіріп іс-шаралар өткізуді болдырмау (топтарда іс-шаралар өткізуге рұқсат етілген);
  • адамдар көп жиналатын объектілерде, оның ішінде қоғамдық көлікте дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу, желдету және ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі және желдету режимін сақтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды.
Қаулы 2022 жылғы 23 шілдеден бастап күшіне енеді.  

"Адырна" ұлттық порталы

댓글
기타 기사