Жамбыл облысында белгісіз біреулер полицейлерге шабуыл жасаған

3248
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/05/zagruzhennoe-16.jpg
Жамбыл облысында белгісіз ер адамдар полицейлерге шабуыл жасаған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы "Zakon.kz" телеграм каналы  жазды.
Патрульдік полиция қызметкерлері Шу қаласындағы вокзал маңында ВАЗ-21014 маркалы автокөлігін мемлекеттік нөмірі болмаған соң тоқтатқан. Көліктегілер заң қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, 2022 жылдың 7 мамырына қараған түні Шу аудандық полиция бөліміне белгісіз бір топ адам полицейлерге шабуыл жасағаны туралы хабарлама келіп түскен. Қазір аталған құқықбұзушылар ұсталған. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Адырна" ұлттық порталы.

댓글
기타 기사