Тоқаев Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті

2745
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/03/6ad41b6d-2449-4345-907e-e9d4809964fe.jpeg
Украина тарапының бастамасымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті. Тараптар Украина төңірегіндегі ахуал бойынша пікір алмасты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.  Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы әскери іс-қимылдарды тоқтату және одан әрі болдырмау үшін келіссөздер барысында уағдаластыққа қол жеткізудің маңызды екенін айтты. Мемлекеттер басшылары екі елдің гуманитарлық саладағы ынтымақтастығын одан әрі дамытуға келісті.

“Адырна” ұлттық порталы

댓글
기타 기사