Доллар 7 теңгеге арзандады

5082
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/03/izobrazhenie_2022-03-01_161603.png
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап. Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 7,25 теңгеге арзандап, 487,75 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 1 наурыздағы доллардың ресми бағамы 495,00 теңгені құрайды. Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 487,26 теңге, сату – 492,84 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 486,09 теңгеден сатып алынып, 491,48 теңгеден сатылуда.

"Адырна" ұлттық порталы

댓글
기타 기사