Мектеп директоры: Сәуле Омарова мектепті алтын белгіге бітірген жалғыз түлек

5308
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/11/news_full1632462596961941af7ed6b1b5e61e0cd7e11ff00e.jpg
АҚШ-тағы жоғары лауазым қызметкері, қандасымыз Сәуле Омарованың балалық шағы туралы Оралдағы №21 орта мектеп директоры айтып берді. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлайды. Лаура Шаркубенованың әңгімесіне сүйенсек, Сәуле Омарова - өз қатарластарынан озық болған әрі мектепті алтын белгіге бітірген жалғыз түлек.
"Құжаттарға қарасақ, барлық жаратылыстану ғылымдары бойынша мектеп олимпиадаларына Сәуле қатысқан", - дейді директор.
Омарова әу бастан интеллигентті отбасында тәрбие алған. Оның анасы қалалық ауруханалардың бірінде әдістемелік қызметтің жетекшісі қызметін атқарған.
"Сыныптастарының айтуына қарағанда, ол - қарапайым, аңғал, көпшіл қыз болған. Басқалардан ерекшеленбеген. Қарапайым кеңестік оқушылар", - дейді Шаркубенова.
Лаура Шаркубенова Сәуле Омарованың Бүкілкеңестік Лениндік коммунистік жастар одағының мүшесі болғанын жасырмады. Алайда қазіргі таңда бұрын болған бұл жағдайды Омарованың өзіне қарсы қолдануда. Сыныптағы 30 оқушының 12-сі аталған одаққа мүше болған.

"Адырна" ұлттық порталы 

Комментарии
Другие материалы