Путин мен Байден Женевада кездеседі

3293
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/05/e20553ad-c56d-4363-9745-2db2698f173c.jpeg
16 маусым күні Женевада Владимир Путин мен Джо Байден кездесу өткізеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Кремль сайтының хабарлауынша, президенттер әлемдік дипломатиялық орталықта келіссөз жүргізбек.
«Мемлекет басшылары Ресей-Америка қатынастарының жай-күйі мен одан әрі даму перспективаларын, стратегиялық тұрақтылық мәселелерін, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, соның ішінде коронавирустық пандемиямен күрестегі өзара іс-қимылды және аймақтық қақтығыстарды реттеуді талқылайды»,— делінген хабарламада.

«Адырна» ұлттық порталы

Комментарии
Другие материалы