Қарулы шабуыл салдарынан. Нигерияда 100-ден астам адам қаза тапты

1269
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/06/img_3505.jpeg
Нигерияның орталығындағы Бенуэ штатына қарулы адамдар басып кіріп, бейбіт тұрғындарды атып кеткен, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Қазіргі есеп бойынша кемінде 100 адам қаза тауып, ондаған тұрғын із-түссіз жоғалған. Ал жүздеген адам жараланды. Құқық қорғаушылардың айтуынша, кейбір отбасылар тірідей жанып кеткен. Amnesty International дерегінше, соңғы бір жылда Бенуэ штатында мұндай шабуылдар жиілеп кеткен. Бірқатар ауылдарға 10 рет қарулы шабуыл жасалды. Қақтығыстар жаппай көшуге, азық-түлік тапшылығына және жергілікті тұрғындардың күнкөріс деңгейінің күрт төмендеуіне әкеліп соққан. TRT Global мәліметіне сүйенсек, шабуылды жергілікті полиция растағанымен, нақты қаза тапқандар саны мен шабуылды кім ұйымдастырғаны белгісіз күйінде қалып отыр. Сарапшылар бұл қанды оқиғаны малшылар мен диқандар арасындағы ұзаққа созылған жер дауының салдары деп есептейді.
Комментарии
Другие материалы