Үлкен және шағын. "Росатом" Өзбекстанда екі АЭС салады

1311
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/05/aes-960x500.jpg?token=f7a71c1f4c4398e17a0c3d46b7875a88

«Росатом» Өзбекстандағы атом электр станциясы (АЭС) құрылысы бойынша жобасы талқыланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Өзбекстанда екі АЭС салынады. Әр станция екі энергоблокпен жабдықталады деп жоспарланған.

«Өткен жылы шағын қуатты атом станциясының құрылысы басталды. Биыл екі елдің басшылары жобаны кеңейтуге және екі энергоблоктан тұратын үлкен және шағын АЭС салуға келісімге келді», – деп мәлімдеді ведомство.

Жобаны қайта қарау мәселесі Ташкенттегі халықаралық инвестициялық форум аясында талқыланды. Ресей экономика министрі Максим Решетников пен Өзбекстанның инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Қудратов арасында сауда-экономикалық қарым-қатынастарды сөз болды. Решетниковтың айтуынша, соңғы бес жылда екі ел арасындағы тауар айналымы 1,7 есе өсіп, 10 млрд долларға жеткен. 2030 жылға дейін бұл көрсеткішті үш есеге ұлғайту көзделуде.

Комментарии
Другие материалы