Төрт адам жанып кетті. Петропавлда жантүршігерлік жол апат болды

2124
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/06/ce806f71-4a92-4626-94d1-ede45b4f1332-960x500.jpeg?token=d52957b02238e6b1fb1d17c470dc538c

Петропавлда жантүршігерлік жол апат болды. Айналма жолда «ГАЗель» және «Мерседес» автокөліктері соқтығысқан, деп хабарлайды “Адырна”.

Куәгерлердің айтуынша, жеңіл көлік қарсы жолға шығып кеткен.

Апаттан төрт адам қаза тапты: екеуі жүк көлігінде және екеуі жеңіл көлікте болған. Олардың бірі - 2018 жылы туған жас бала.

«Зардап шеккен 32 және 39 жастағы екі ер адам көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы ауыр деп бағаланады. Біреуі жансақтау бөлімінде, екіншісі травматологияда. Оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі», деп хабарлады СҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

ЖКО фактісі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.

Комментарии
Другие материалы