Жетісу облысында жер сілкінді

1668
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/photo-output-7-960x500.jpeg?token=883724c508feb03594b051409d918d06
Жетісу облысында 27 мамыр күні  сағат 19:51-де жер мілкінді. Бұл туралы  ТЖМ Ұлттық сейсмологиялық зерттеулер және ақпарат ғылыми орталығының сейсмикалық станциялар желісі  тіркеді, деп хабарлайды “Адырна”.  Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Жетісу облысында орналасқан. Сезілу көрсеткіші төмендегідей болды:
  • Қапал-Арасан шипажай станциясында – 2 балл.
ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» мамандары өзен арналары, гидротехникалық құрылыстар, көшкін мен сел жүруі мүмкін учаскелерді тексеру бойынша мониторинг жүргізді. Сондай-ақ тіршілік қамтамасыз ету нысандарына мүмкін болатын зақымдарды анықтау мақсатында визуалды тексеру жүргізілді. «Тексеру нәтижесінде ешқандай зақым анықталған жоқ, қазіргі уақытта көрсетілген нысандар қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр. Қирау немесе зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Жағдай тұрақты», — деп хабарлады ТЖМ.
Комментарии
Другие материалы