"Путин мен Зеленский кездесуі мүмкін". Ресей тарапы мәлімдеме жасады

2059
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/8a46b2b0-941f-4f10-a433-32d373e76e1c-960x500.jpeg?token=4d73ce7549075b1d4d9c47824ad7dc13

Ресей президенті Владимир Путин мен Украина президенті Владимир Зеленский кездесуі мүмкін, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы DW-ға сілтеп.

Бірақ бұл кездесу тек екі елдің өкілдері өзара нақты келісімдерге келгеннен кейін ғана өтеді. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.

Песковтың айтуынша, Ресей Украинаға атысты тоқтату үшін қандай шарттарды орындау керектігі туралы ұсыныстарын дайындап жатыр. Бірақ бұл шарттар әзірге жарияланбайды. Өйткені келіссөздер жабық түрде өтуі керек дейді ол.

2022 жылдан бері алғаш рет Ресей мен Украина делегациялары 2025 жылдың 16 мамыр күні Түркияның Стамбұл қаласында тікелей кездесті. Келіссөз шамамен бір жарым сағатқа созылған. Ресей тарабын Владимир Мединский, ал Украина делегациясын қорғаныс министрі Рустем Умеров басқарды.

Кездесуде тараптар жақын күндері «1000-ға 1000» формуласы бойынша тұтқындар алмасуға келіскен. Сонымен қатар, алдағы уақытта Путин мен Зеленскийдің жеке кездесуі де мүмкін екені айтылды.

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Ресей келіссөз барысында Украинаға бірқатар талаптар қойған. Талап бойынша Украина Қырым мен Донецк, Луганск, Херсон және Запорожье облыстарынан бас тартуы тиіс. Бұл аймақтарды халықаралық деңгейде Ресейге тиесілі деп мойындауы керек. Ал Украина бейтарап ел болуы керек, яғни өз аумағында шетел әскерін және жаппай қырып-жоятын қару ұстауға болмайды. Ресей тарапының талабына сәйкес, Украина Ресейден өтемақы талап етуінен бас тартуы қажет.

Алайда украин делегациясы бұл талаптарды шындыққа жанаспайды және келіссөзге кедергі келтіреді деп есептейді.

Комментарии
Другие материалы