Шерзат Полат ісі. Сот прокурорды ауыстырудан бас тартты

1973
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/156b03ac-06bc-4db8-9e4a-b095dead3e08-960x500.jpeg?token=828582edc8a349a20bd7665df382cb95

Шерзат Полат ісінде кеңес бөлмесінен келген судья Ержан Жанұзақов прокурорды ауыстырудан бас тартты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Шерзат Полаттың өліміне байланысты сот отырысы өтіп жатыр.

Сот отырысы кезінде сотталушылардың адвокаттары прокурорды ауыстыруды өтінді.

Кеңес бөлмесінен келген судья Ержан Жанұзақов прокурорды ауыстырудан бас тартты.

“ҚР Қылмыстық кодексінің 87, 88 баптарында нақты қандай жағдайда мемлекеттік айыптаушы іске қатыса алмайтыны көрсетілген. Мұндай жағдайлар сотпен анықталған жоқ. Мемлекеттік айыптаушы Сәрсенбайдың бұл іске қандай да бір мүдделілігі, тікелей не жанама қатыстылығы анықталып отырған жоқ”, — деді судья Ержан Жанұзақов.

Комментарии
Другие материалы