Мьянмадағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1000-нан асты

2032
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/03/whatsapp-image-2025-03-29-at-04.13.38-960x500.jpeg?token=40da8f245f9f6cf80b12e15b40721700
Мьянмада болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1002-ге жетті, ал 2376 адам жарақат алды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы BBC-ге сілтеп. Құтқарушылар үйінділерді астында құрбандар саны арта түсуі мүмкін екенін айтады. Қытай, Үндістан және Ресей Мьянмаға медициналық және құтқару топтарын жіберді. 28 наурызда жергілікті уақыт бойынша түстен кейін магнитудасы 7,7 және 6,4 балдық екі жер сілкінісі тіркелді. Жер асты дүмпулері Қытай мен Таиландта да сезілген. Бангкокта аяқталмаған ғимарат құлап, бірнеше ондаған адам үйінді астында қалуы мүмкін деген болжам жасалды. Мьянма билігі табиғи апат салдарынан елде төтенше жағдай жариялады.
Комментарии
Другие материалы