Калифорния штатының Санта-Барбара қаласы маңында жеңіл моторлы ұшақ құлап, екі адам ауыр жарақат алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы CBS News-ке сілтеп.
Санта-Барбара округінің шериф департаментінің өкілі Ракель Зиктің мәліметінше, апат жергілікті уақыт бойынша 14:30 шамасында орын алған.
Ұшақ апатынан екі адам жарақат алған.
Полиция басқармасы X әлеуметтік желісінде жариялаған видеода, ұшақтың қону кезінде жерге соғылып, өртеніп кеткені көрінеді. Қазіргі таңда оқиға орнында тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Другие материалы
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз