Ұлттық банктің ресми мәліметі бойынша, 2025 жылдың 23 қаңтарында 1 АҚШ долларының құны – 520,91 теңге деп белгіленді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Алайда, ірі қалалардағы валюта айырбастау пункттерінде доллардың бағасы ресми бағамнан айтарлықтай жоғары болып отыр.
Астанада долларды сатып алу құны – 523 теңге, сату бағасы – 527 теңге.
Ал Алматыда сатып алу құны – 522 теңге, долларды сату бағасы – 526 теңге.
Айта кетейік, 2 желтоқсанда Қазақстандағы айырбастау пунктерінде доллар бағамы 529 теңгеге дейін жеткен. Ал кейбір экономистер доллар бағасының 600 теңгеге дейін өсетінін болжаған болатын.
Другие материалы
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз