Алматылық жігіт із-түзсіз жоғалып кетті

2290
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/policziya-960x500.jpeg?token=872acba811ec7e4ef3d5f3b21d5a1ae9
Алматыда 27 қараша күні Дмитрий Александрович Мартынов із-түзсіз жоғалып кетті. Бұл туралы Lider.kz ұйымының еріктілері хабарлады, деп жазады “Адырна” ұлттық порталы. Жігіт соңғы рет Алматының Бостандық ауданындағы "Атакент" бизнес орталығынан жұмыстан шыққан кезде көрінген. Дмитрий жоғалған кезде қоңыр пальто, қара кофта, көк шалбар және сұр түсті кроссовка киіп жүрген. Жоғалған адам туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтардан +7701 375 92 91; +7705 105 31 31 немесе 102 нөміріне хабарласу сұралады. Еріктілер мен құқық қорғау органдары іздестіру жұмыстарын жалғастыруда. Дмитрийді аман-есен табу үшін ақпаратты жедел хабарлау маңызды.
Комментарии
Другие материалы