Мемлекет басшысы Ұлттық қордан трансферт жасау туралы заңға қол қойды

1350
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/10/whatsapp-image-2024-10-09-at-13.12.44-960x500.jpeg?token=0e621f10ccbac1d799c409af6be1ef0d
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2025–2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заңға қол қойды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ақордаға сілтеме жасап. Заң мәтіні баспасөзде жарияланады. Бұған дейін Ұлттық қордан қосымша 2 триллион теңге алынатыны туралы хабарланған болатын. Бұл сома республикалық бюджетке мемлекеттік міндеттемелерді орындау шығындарын қамтамасыз ету үшін бағытталады. «2024 жылға арналған нақтыланған кіріс болжамы бекітілген жоспарға қарағанда 2 триллион теңгеге төмендетіліп белгіленді. Осыған байланысты Ұлттық қордан 2 триллион теңге мақсатты трансферт ретінде қосымша тарту жоспарлануда», – деді Мәжіліс депутаты Татьяна Савельева палатаның жалпы отырысында.
Комментарии
Другие материалы