Маңғыстауда мемлекеттік мекеменің директоры сотталды

2560
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/policziya-960x500.jpeg?token=872acba811ec7e4ef3d5f3b21d5a1ae9

Маңғыстау облысының «Еңбек мобилділігі орталығы» КММ директоры сотталды. Бұл туралы бүгін, 21 тамызда Антикордың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Түпқараған аудандық соты Маңғыстау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ директоры М. Қайранбаевқа қатысты үкім шығарды.

Ол Өзбекстан Республикасы азаматының жұмысқа орналасуға жәрдемдесу сылтауымен 200 мың теңге мөлшерінде ақша қаражатын алаяқтық жолмен жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды»,—делінген хабарламада.

Сот үкімімен оған 2 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ сотталған адам мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылды.

Комментарии
Другие материалы