Шах пен мат. Алматыда "Senat Open" турнирі өтті

1986
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/dabf5263-4978-48aa-839a-6c7d7c2a7561-960x500.jpeg?token=528c9c2d53515ec4f1d8b3b3106e687d
Түптамырын сонау Үндістаннан жайған шахмат бүгін де жасамал һәм жас атаулы сүйіп ойнайтын ерек спорт түрі. Керек десеңіз, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзі бұл ойын қазақстандықтар арасында кеңінен насихатталып, алда Алматы қаласында шахмат пен IT-технологияны тереңдетіп оқытатын мектеп-интернат ашылуын аса құп көретінін білдірді. 17-ші тамыз күні осы бір бастама аясында ҚазҰУ кітапханасы 4-ші қабатында ҚР Парламенті Сенаты ашық кубогы жартылай финалы өткен-ді. Айтқандайын, шахмат федерациясы ұйымдастырып жатқан «Senat Open» турнирі Қазақстан әр аймағын тегіс қамтыды десек іс-шара масштабын көз алдыңызға келтіре алар ма едіңіз? Қазылар швейцар жүйесі негізінде 9 раундтық рапид арқылы «Шығыс өңірі» 25 үздік ойыншысын анықтап, ақ-қара тақтаны тас-талқан қылған маңдайалдыларды дипломдармен марапаттай, Астана төріндегі ақтық кезеңге жолдама табыстады. 2024-ші жылдың 21-ші сәуірінен республикалық маңызы бар үш шаһар мен он бес облыста іріктеу өтіп, оған мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, БАҚ өкілдері қатысу мүмкіндігіне ие боп, Алматыдағы турнирде бір-біріне не шах, не мат, не пат деп жеңіс жиреніне міну үшін біраз тер төкті-ақ. Білсеңіз, жоғарыда аталған ойынның ой жинақтауда, Альцгеймер ауруы алдын алуда, сонымен бірге азуда көп көмегі тиеді.
Комментарии
Другие материалы